Qazaqstan Hockey Open турнирі: Қазақстан құрамасы Ресейге есе жіберді

Қазақстан құрамасы
Фото: icehockey.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Астанада басталған шайбалы хоккейден Qazaqstan Hockey Open турнирінде Қазақстан құрамасы Ресейге есе жіберді.

Кездесу барысында қос құрама бірден шабуылға шықты. Нәтижесінде 13-минутта ресейлік Василий Глотов мергендік танытты.

Қалған екі кезеңде қарсыластар есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберіп алды. Кейбір сәтте қазақстандық қақпашы Андрей Шутовтың шеберлігі байқалып тұрды.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді. 

Енді ел құрамасы 3 мамырда Беларусь құрамаларымен кездеседі. 

Ел құрамасы 10 сәуірден бастап елордада өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындыққа кіріскен болатын. Оқу-жаттығу жиынына шетелдік және отандық клубтарда ойын көрсететін хоккейшілер шақыру алған

Әлем чемпионаты 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді. Топтық кезеңде ұлттық құрама АҚШ, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция және Польшамен сынға түседі.

Соңғы жаңалықтар
telegram