Су тасқынынан қанша мектеп зардап шекті

су басқан мектеп
Фото: Оксана Матасова/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Оқу-ағарту министрлігі елімізде су тасқыны салдарынан қанша мектеп пен балабақшаның зардап шеккенін жария етті.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, республика бойынша су тасқыны салдарынан 26 орта және орта-техникалық білім беру ұйымы зардап шекті.

Бүгінде оның 11-і штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Зардап шеккен 26 ұйымның қатарында 1 балабақша, 1 колледж жатақханасы бар.

Ал қалғандары – мектеп. 

Бұған дейін Атырау, Ақтөбе облыстарында барлық білім алушылар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында – ТЖ жарияланған елді мекендерде мектептерде ағымдағы және аралық бақылау тоқтатылғанын жазған едік.  

Яғни тоқсандық баға қорытынды баға ретінде шығарылады.
.

Соңғы жаңалықтар