Жоғарғы лига: елордалық баскетбол командасы ел чемпионы атанды

спорт
Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Щучинск қаласында баскетболдан ерлер арасындағы Жоғарғы лиганың ХХХІІ туры өтті. 

Соңғы турда ел біріншілігінде өнер көрсететін 8 команда арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. 

Тартысқа толы болған маусымда «Astana Tigers» пен «Шымкент» командалары чемпиондыққа таласып, біріншілікті жеңіп алуға бар күшін салды. 

Дегенмен Астана қаласының намысын қорғаған «Astana Tigers» командасы 51 ұпаймен маусым үздігі атанды. «Шымкент» командасы 50 ұпаймен 2-орынды иеленсе, 48 ұпайы бар «Тұран» командасы үздік үштіктен көрінді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанда басталған күрес түрлерінен Азия чемпионатында үш қазақстандық балуан алғашқы белдесулерінде жеңіске жеткенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар