Үш балуанымыз Азия чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті

Ризабек
Фото: Olympic.kz

БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғыз елінде басталған күрес түрлерінен Азия чемпионатында үш қазақстандық балуан алғашқы белдесулерінде жеңіске жетті. 

70 келідегі Мейіржан Әшіров түркіменстандық Перман Хоммадовты жеңсе, 97 келідегі Ризабек Айтмұхан қырғызстандық Андрей Ароновтан 6:0 есебімен басым түсті. 

65 келі салмақ дәрежесі бойынша бозкілемде бағын сынаған Мұхтар Санжар палестиналық балуанды мерзімінен бұрын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. 

Өкінішке қарай, 79 келіге дейінгі салмақтағы биылғы ел чемпионы Азамат Өміржанов алғашқы айналымда Биамбадорж Енхбаярдан (Моңғолия) жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар