Жетісу облысының тұрғыны делдал арқылы өзінің 2022 және 2023 жылдары туған екі бүлдіршінін сатып жіберген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Бірінші факт 2022 жылдың қазан айында, ал екінші факт 2023 жылдың тамыз айында болған. Екі жағдайда да мәміле сомасы - 1 млн теңгені құраған», - деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Аталған факт негізінде Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандар саудасы) іс қозғалды.
Бұған қоса баспасөз мәслихаты барысында Түркістан облысында Өзбекстан азаматын 5 жылдан аса құлдықта ұстаған қожалық басшылары анықталғаны айтылды.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.