Қазақстандық балуан алғашқы белдесуінде канадалық Джасмит Пхулканы 12:1 есебімен тізе бүктіріп, одан кейін болгариялық Михаил Георгиевті 7:0 есебімен ұтты.
Ал ширек финалда грузиялық Владимир Гамкрелидзеге есе жіберіп қойды.
Одан кейінгі жұбаныш белдесуінде грузиялық латвиялық Аланс Амировсты 4:1 есебімен жеңді. Енді ол қола жұлдеге таласуға мүмкіндік алды. Қарсыласы - украиналық Валентин Михайлов.
Айта кетсек, бұдан бұрын әлем чемпионатында еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 келі) қола жүлдегер атанды.
Сондай-ақ, ел құрамасынан еркін күрестен Ризабек Айтмұқан (92 келі) финалға жолдама алды. Ол бүгін финалда финалда әзербайжандық Осман Нурмагомедовпен кездеседі.
Оған қоса Мейрамбек Қартбай (57 келі) 3-орын үшін сынға түседі.
Әлем біріншілігінің финалдық белдесуі сағат 22:00-ден бастап «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.