СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 қыркүйек күні сағат 23.10 шамасында Қызылжар ауданы Петерфельд ауылының маңында болған. Жол апатынан "Lexus"-тің 27 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Осы автокөліктің салонында болған 56 жастағы ер адам жарақаттанып, медицина мекемесіне жеткізілді.
"ЗИЛ 131" автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісінен медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды, алдын ала болжам бойынша, ол мас болмаған. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Қазіргі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесімен түпкілікті процестік шешім қабылданбақ.