Елордалық «Барыс» хоккей клубының құрамына чехиялық шабуылшы Рудольф Червени қосылды. Келісімшарт 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Хоккейші мансабының көп бөлігін Чехия чемпионатында өткізген. Ол Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын 2018 жылы Братиславаның «Слован» командасы құрамында ойнады. 2021/22 жылдар маусымында Латвияның «Динамо» (Рига) командасында намысын қорғады.
Өткен маусымда хоккейші Владивостоктың «Адмиралы» құрамында ойнап, 60 кездесуде 20 (13 7) ұпай олжалады. Плей-оффтың 12 матчында Червени 3 нәтижелі паспен көзге түсті. Ол астаналық клуб сапындағы алғашқы жаттығуын өткізді.
«Барыстың» бас менеджері Олег Болякиннің айтуынша, Червени алғашқы бестіктегі орталық шабуылшының орнын басады.
Еске салсақ, 18 қыркүйекте «Барыс» елордада «Нефтехимик» командасын ірі есеппен жеңді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.