Шымкент қаласы аумағында халықаралық “Наёмник” жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы тәртіп сақшылары жалдамалы пәтерлерді, құрылыс алаңдарын, базарлар мен фермерлік шаруа қожалықтарын және шетелдіктер жүруі мүмкін басқа да орындарды күшейтілген режимде тексеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оtyrar.kz -ке сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, мұндағы басты мақсат – заңсыз көші-қон жайттарының алдын алу, оның жолын кесу, құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыс санын азайту.
"Жедел-профилактикалық шараның 9 күнінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 69 шетел азаматына ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша хаттама толтырылды", - деп жазды басқармадан.
Сондай-ақ, шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқаны үшін 15 жұмыс беруші әкімшілік кодекстің 519-бабымен жауапқа тартылды.
Айта кетейік, халықаралық “Наёмник” жедел профилактикалық іс-шарасы 11-30 қыркүйек аралығында жалғасын табады.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.