Қытайдың Ханжчоу қаласында 23 қыркүйек – 8 қазан аралығында өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан теннис құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Азия ойындарында барлығы 8 теннисші бақ сынайды.
Ерлер:
Денис Евсеев,
Бейбіт Жұқаев,
Дмитрий Попко,
Григорий Ломакин.
Әйелдер:
Жібек Құламбаева,
Гөзал Айнитдинова,
Аружан Сағындықова,
Жанель Рүстемова.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Қытайдағы турнирдің ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).