9.30-да Қазмедиа орталығының концерт залында Astana Media Week - 2023 басталады. Онда Қазақстан мен шетелден келген медиаиндустрияның жетекші сарапшылары тез өзгеретін медиа орта контекстінде дәстүрлі медиа алдында тұрған өзекті сын-қатерлерді талқылайды.
10.00-де Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен перспективалары» тақырыбында жалпы республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
11.00-де Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында ретинопатияны диагностикалауға арналған жабдықтар тапсырылады.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы еңбек күні» тақырыбымен баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл – татулық тірегі» байқауы ұйымдастырылады.
15.00-де Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
15.00-де Есіл өзенінің сол жағалауындағы айлақта 2023 жылға арналған балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Балық шаруашылығы комитеті Есіл өзенін балықтандыру бойынша баспасөз турын өткізеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады.