Әлеуметтік желіде бейнебақылау камераларына түсіп қалған видео пайда болды. Кадрдан бір ер адамның пәтерден қашып шыққанын, оның артынан екі әйелдің қуғанын көруге болады.
«Atlant 2» тұрғын үй кешенінде жезөкшелер притоны пайда болды. Балаларымыз бен қарттарымызға қауіп төніп тұр. Күн сайын түнде "жеңгетай" пәтерді жалға береді. Үнемі төбелес болады. Үй тұрғындары үнемі полицияға хабарласады, бірақ полицейлер ештеңе істемейді. Бұрынғы басқарушы компания шара қолданбады», - дейді тұрғындар.
Алматы полиция департаменті аталған пәтер иесін анықтағанын мәлімдеді.
«Пәтер иесі 1987 жылы туған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы «Жезөкшелік пен сутенерлік үшін үй-жайлар беру» бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, онымен алдағы уақытта қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу жөнінде түсіндірме әңгіме жүргізілді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.