Жетісу облысының маңындағы тасжолда жүк көлігі аударылып, жүргізуші мерт болды

Республикалық Алматы-Өскемен тасжолының 400-ші шақырымында MAN F2000 автокөлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, жүк көлігін 23 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны басқарып келе жатқан. Алдын ала болжам бойынша, ол ауыр жүк көлігін басқара алмай, оның аударылып кетуіне жол берген.

Жүргізуші оқиға орнында мерт болды.

Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК-нің 345-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.