Еуропа лигасы: «Ливерпуль» сырт алаңда ЛАСК командасын жеңді
Футболдан UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі алғашқы тур ойындары өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турда Англияның «Ливерпуль» командасы сырт алаңда Австрияның ЛАСК командасымен кездесті.
Ойын барысында алаң иелері есеп ашқан еді. Оған ағылшындық клуб үш голмен жауап қайырды. Нәтижесінде олар қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.
Тағы бір кездесуде Германияның «Байері» өз алаңында Швецияның «Хеккен» клубын 4:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді.
Бірінші турдағы барлық ойын нәтижесі төмендегіше:
А тобы: «Вест Хюм Юнайтед» (Англия) - ТСЦ (Сербия) і:1, «Олимпиакос Пирей» (Грекия) - «Фрайбург» (Германия) 2:3,
В тобы: «Брайтон» (Англия) - АЕК (Грекия) 2:3, «Аякс» (Нидерланд) - «Марсель» (Франция) 3:3
С тобы: «Глазго Рейнджерс» (Шотландия) - «Реал Бетис» 1:0, (Испания), «Спарта Прага» (Чехия) - «Арис Лимасол» (Кипр) 3:2
D тобы: «Аталанта» (Италия) - «Ракув» (Польша) 2:0, «Штурм» (Австрия) - «Спортинг Лиссабон» (Португалия) 1:2,
E тобы: «Юнион» (Бельгия) - «Тулуза» (Франция) 1:1, ЛАСК (Австрия) - «Ливерпуль» (Англия) 1:3
F тобы: «Ренн» (Франция) - «Маккаби Хайфа» (Израиль) 3:0, «Панатиниакос» (Грекия) - «Вильярреал» (Испания) 2:0
G тобы: «Серветт» (Швейцария) - «Славия Прага» (Чехия) 0:2, «Шериф» (Молдова) - «Рома» (Италия) 1:2
Н тобы: «Байер» (Германия) - «Хеккен» (Швеция) 4:0, «Карабах» (Әзербайжан) - «Молде» (Норвегия) 1:0
Екінші тур ойындары 5 қазанда өткізіледі.