«Бастапқы тексеру іс-шаралары барысында 2021 жылдың мамыр айында күдікті жәбірленушіні Ташкент қаласынан Шымкент қаласына, содан кейін Атырау қаласына алып келіп, азық-түлік дүкенінде сатушы болуды ұсынғаны анықталды. Бірақ келгеннен кейін құжаттарын алып, физикалық күш көрсеткен және оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Осыған ұқсас факті Ақтөбе облысында да анықталды. Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, бопсалау арқылы 17 жастағы колледж студентін жарты жыл бойы жезөкшелікпен айналысуға тартқан 2004 жылғы ақтөбелік ұсталған.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабы (Кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп мәлім етті ведомствоның өкілі.