«Азық-түлік» корпорациясының жарғылық капиталы ұлғаюы мүмкін
Азық-түлік пен жемге қажет астықты тікелей сатып алу үшін «Азық-түлік корпорациясының» жарғылық капиталын ұлғаюы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында осы мәселені пысықтауды тапсырды.
Биылғы азық-түлік пен жемге қажет астықты тікелей сатып алу үшін «Азық-түлік корпорациясының» жарғылық капиталын ұлғайту мәселесін пысықтау керек.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Азық-түлік корпорациясы нан өндірісіне қажетті арзандатылған бидайды жеткізу кестелерін қайта қарауы тиіс.
«Біз бүгін Жамбыл облысының шаруаларына шығынды өтеу үшін Үкімет резервінен қаржы бөлу туралы қаулы қабылдаймыз.
Қаржы министрлігі мен өңір әкімдігі облыстың зардап шеккен егіншілеріне төлемдердің тез арада жеткізуін қамтамасыз етуі тиіс.
Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы астық таситын вагондармен уақытылы қамтамасыз етіп, теміржолдағы ұзын-сонар кезекті болдырмауы тиіс. Біздің міндетіміз – егінді сапалы жинап алуды қамтамасыз ету», - деді ол.
Үкімет басшысы фермерлер алдындағы субсидия қарызын толық көлемде төлеуді де тапсырды.
«Ауыл шаруашылығы министрлігіне Ұлттық экономика министрлігімен бірге бұл бағыттағ ыжұмысты жеделдету керек. Қаржы, Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктері агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау үшін қосымша қаражат бөлу жұмыстарын жүргізуі қажет», - деді Әлихан Смайылов.