Меморгандар БАҚ-қа қарсы талап мерзімін қысқартуды қолдады – Қанат Ысқақов

Мемлекеттік органдар тұлғаның БАҚ-қа қарсы талап мерзімін 1 жылға дейін қысқартуды қолдады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: https://www.pexels.com/

«Масс-медиа туралы қазіргі заң жобасына талап мерзімінің өтуі сынды түсінік қосамыз. Бұл журналистердің мәртебесін арттыратын тұжырымдамалық норма. Талап мерзімінің өтуі масс-медиа туралы салалық заңда болады. Талап мерзімінің өтуі дегеніміз не? Қазіргі уақытта тұлғаның ар-намысына нұқсан келтіретін қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда ол кез келген уақытқа сотқа бере алады. Қазіргі уақытта біз бұл мерзімді 3 жылға дейін қысқартамыз. Үш жылға дейін ұсынамыз. Мұны Парламент қабырғасында да талқылаймыз. Өкілетті органдармен де жұмыс істейміз. Министрлік ұстанымы – тағы да шағын мерзімге қысқартуға болады. Бір жылды қарастырып отырмыз, оған қарсы емеспіз. Егер тұлға аталған мерзімінің ішінде, ал қазіргі жағдайда 3 жылда ар-намысын қорлау бойынша бұқаралық ақпарат құралына талап бермесе, онда ол бұл құқығынан айырылады. Егер үш жыл өтіп кетсе, онда уақыт өтті деп есептелініп, оның наразылығы негізсіз саналады әрі қабылданбайды», - деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, ең алдымен бұл – халықаралық тәжірибе. Екіншіден, бұл – халықаралық құқық қорғау ұйымдарының талабы және министрліктің ұстанымы.

«Мемлекеттік органдар қарсы деп айта алмаймын. Ешкім қарсы шығып отырған жоқ. Талқылануы қажетті бірқатар норма бар. Сондықтан да талап мерзімінің өтуін шектеу туралы ұсынысты іс жүзінде барлық мемлекеттік органдарды қолдап отырғанын ресми түрде айта аламын», - деді Қанат Ысқақов.
Айта кетейік, бүгін Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен заң жобалау қызметі мәселелері бойынша кеңес өтіп, онда «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне БАҚ мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» консультативтік-кеңесші құжат талқыланған болатын.