Нұрлан Жаңабаев Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болды

Фото: Фото: ТЖД

Атырау облысына келген Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жаңа басшыны департамент ұжымына таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрлан Мақсұтұлы 1984 жылы 11 желтоқсанда Атырау облысының Махамбет ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. Азаматтық қорғау органындағы еңбек жолын 2006 жылы Атырау облысы МБҚБ ӨҚҚ мен АҚБЖҮҚ бөлімінің инженері болып бастаған.

2009 жылға дейін Махамбет аудандық ӨҚҚБ инженері, 2009-2012 жылдары Мақат ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, Атырау облысының ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының жедел кезекшісі, 2012-2013 жылдары Махамбет аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болған.

2013-2014 жылдары Жылыой аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, 2014-2017 жылдары облыстық департаментте Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы лауазымын атқарған.

2017-2021 жылдары ІІМ ТЖК Атырау облысының ТЖД Атырау қаласы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, 2021 жылдан осы кезге дейін Маңғыстау облысының ТЖД бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.

Министр төтенше жағдайлар департаментінің жаңадан тағайындалған бастығына қауіпсіздік мәдениетін, халықтың құтқару ведомствосына деген сенім деңгейін арттыру үшін ұйымдастырушылық, практикалық шараларды іске асыруға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Мұхтар Парменов Атырау облыстық сотының төрағасы болғанын жазған едік.