«Иін тірескен құрылыс деген Астананың ғана емес, қазақстандағы өзге қалаларға да тән мәселе. Біз құрылыс салушыларды мұндай тәсілмен жұмыс істеуге ынтасын түсіреміз. Осылайша басымдық кешенді құрылысқа беріледі. Яғни, тұтас бір жайғасымдарды кешенді түрде салған кезде инфрақұрылымның бәрі таяқ тастам жерде болуын талап етеміз. Яғни, балабақша, мектептер, сауда алаңдары ауладан алыс болмау керек. Бәріне айтатын жалғыз мәселе, бұл эволюциялық үдеріс. Құрылыс стандартын өзгертуге біраз уақыт қажет болады. Министрлік бұл бағытта менен бұрын да жұмыс істеген. Сондықтан кешенді құрылыстардың алғашқы үлгілерін келер жылы көріп қалатын шығармыз», - деді Қанат Шарлапаев.
Ведомство басшысы иін тірескен құрылысты қандай жолмен бәсеңдететінін де айтты.
«Егер адамдар иін тірескен құрылыспен айналыса бергісі келсе, мемлекетті қолдау мен реттеу режимінде қиындықтарға тап болуы мүмкін. Ал кешенді құрылыспен айналысса, мемлекеттік реттеу, мемлекеттік қолдау бағытында жеңілідктері көп болады», - деді министр.