Бүгін әлеуметтік желіде Риддерде орналасқан мемлекеттік тілде оқытатын жалғыз мектептің жабылғаны жайлы ақпарат тарады. Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, бұл шындыққа сәйкес келмейді.
Шаңырақ» көпбейінді мектеп-гимназиясының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарының қажеттілігіне байланысты оқушылар басқа мектепке көшірілді. Қазір олар қаладағы №11 мектепке барып оқып жатыр. Онда оқушылардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Мемлекеттік білім беру стандарты орындалуда, - деп хабарлады басқармадан.
Қазіргі уақытта Риддерде жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша ол 2024 жылы салынып бітпек. Білім ордасы мемлекеттік тілде оқытатын болады.