Қанат Шарлапаев: Мен отаныма оралған қандаспын

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қазақ тілін меңгеру үшін аптасына неше рет курсқа баратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: из открытых источников

«Мен қазір өзім қазақ тілін меңгеріп жатырмын. Аптасына 5 рет сабақ алам, мұғалім келеді, сонымен қазақша сабақ оқимын. Ең алдымен, мен ешқандай бөтен, өзге адам емеспін. Мен Қазақстанға қайтып келген қандаспын», - деді министр БАҚ өкілінің сұрағына берген жауабында.

Сондай-ақ, ол министрлік лауазымға ешқандай командамен келмегенін атап өтті..

«Бәйтеректе» жұмыс істегенде қандай әріптестерім болды – олардың бәрі сонда қалды. Осы министрлікте де солай болады. Вице-министрлерімнің ішінде ешкімді ауыстырмаймын. Жұмыс білетін адамдармен бірге істеймін», - деді Қанат Шарлапаев.