Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмилә Бақбергенова (72 келі) қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық балуан 3-орын үшін польшалық Наталия Стрзалькамен шеберлік байқасты. Нәтижесінде қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, Жамила Бақбергеновв 2021 және 2022 жылдары әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді. Сондай-ақ үш мәрте Азия чемпионатында топ жарды.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Ризабек Айтмұқан еркін күрестен әлем чемпионы атанған болатын.
Ал Азамат Дәулетбеков (86 келі) әлем біріншілігінде қола медаль алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.