Жалпы сегіз айда республика бойынша 86 616 тұрғын үй салынған, оның 22 368-і – жеке тұрғын үй. Салынған инвестиция көлемі – 1,7 трлн теңге, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5% жоғары.
Жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі барлық өңірлерде артқан:
- Ұлытау облысы – 156,7%,
- Абай облысы – 128%,
- Алматы облысы – 103,5%,
- Жетісу облысы – 106,8%,
- Павлодар облысы – 115,8%,
- Ақмола облысы – 103,2%,
- Түркістан облысы – 108,1%,
- Шығыс Қазақстан облысы – 107,2%,
- Қостанай облысы – 103,6%,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 105,1%,
- Қызылорда облысы – 119,8%,
- Ақтөбе облысы – 102,2%,
- Жамбыл облысы – 101,2%,
- Батыс Қазақстан облысы – 100,2%,
- Шымкент қаласы – 119,4%,
- Алматы – 122,5%,
- Астана – 139,5%.
Неғұрлым қалыпты көрсеткіш Қарағанды (99%), Маңғыстау (96,3%) және Атырау (73,3%) облыстарында байқалады.
Мәлім болғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде барлық қаржыландыру көздері есебінен елімізде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.
2023 жылы – 15,3 млн шаршы метр
2024 жылы – 15,5 млн шаршы метр
2025 жылы – 15,7 млн шаршы метр
2026 жылы – 15,9 млн шаршы метр
2027 жылы – 16,1 млн шаршы метр
2028 жылы – 16,3 млн шаршы метр
2029 жылы – 16,5 млн шаршы метр