«Биылғы жылыту кезеңінде көмір өніміне қажеттілік – 9,1 млн тонна. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге - 2,3 млн тонна, халыққа – 6,8 млн тонна көмір керек.
Бүгінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа шамамен 2,6 млн тонна көмір жөнелтілді. Жылдық жоспардың орындалуы 28,3% ғана.
Әлеуметтік көмірдің сыртқа кетуін болдырмау мақсатында министрлік көмірді автомобиль көлігімен әкетуді шектеу жөнінде шаралар қабылдады», - деді министр.
Ведомство басшысы көмір өндіруге келісімшарттары және лицензиялары бар көмір өндіруші кәсіпорындар мен соларға үлестес сауда компанияларына көмір экспортында айрықша құқық белгілеу туралы Үкімет қаулысы қабылданатынынын атап өтті.