Алматыда Абай облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Фото: Фото: Мухтор Холдорбеков

Алматыда алдағы демалыс күндері, яғни 23-24 қыркүйек күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Абай облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкеге Абай облысының алты ауданы мен Семей қаласының фермерлері қатысады.

«Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім – ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майлары және т.б. ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі – 180 тонна. Оның ішінде ет өнімдері – 30 тонна, жеміс, көкөніс өнімдері – 120 тонна, сүт өнімдері – 15 тонна, балық өнімдері – 5 тонна, басқалары – 10 тонна», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қаладағы Ш.Уәлиханов алаңында (Шевченко көшесінің Қонаев пен Пушкин көшелерінің арасы) өтеді.