«051» құтқару қызметі нөмірін ауыстырады

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат - Мамырдың 20-ынан бастап «051» құтқару қызметі телефон нөмірін «109-ға» ауыстырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұрын жедел шақырту және анықтама қызметін алу үшін тұрғындар «112» нөмірін теретін.

Атылмыш шешім ҚР Үкіметінің 2009 жылғы қыркүйектің 24-дегі «Қолданушыларға тегін болып табылатын медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, апат, анықтама және басқа да жедел байланыс түрлері тізімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес және Байланыс және ақпарат министрлігі мен «Астанателеком» қалалық телекоммуникация орталығына келіп түскен хаттар негізінде қабылданып отыр.