WhatsApp желісінде тараған ақпараттың жалған екенін «Теңізшевройл» ЖШС медициналық қызметінің директоры Боранбай Мәтжанов растады.
Онда 20 дәрігер, 20 медбике және 40 санитар қажеттігі көрсетілген.
«Еңбекақы дәрігерлерге -1 100 000, медбикелерге -950 000, санитарларға -900 000 теңге. Келісімшарт мерзімі –2 ай, одан әрі 14 күн карантин. Жол жүру, тамақтану, жатын орнының шығыны тапсырыс берушінің есебінен», -делінген жалған ақпаратта.