«2017 жылдың 4 қарашасында ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Көкпекті ауданының Мариновка ауылына жақын маңда рейд жүргізген. Оның барысында заңсыз ұстап жүрген аңшы қаруымен 2 елік атып алған азаматты қолға түсірді. Мемлекетке келтірілген шығын 1 134 500 теңгені құрайды», - деп хабарлады Сәкен Ділдахмет.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстанда 88 364 елік бар. Заңсыз елік атқандарға ҚР ҚК 337-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған және олар 300 АЕК-ке дейінгі айыппұлмен жазаланады.