«Қазақстанда 2020 жылғы жеті ай аралығында жалпы сомасы 1,2 млн теңге құрайтын 381 жалған банкнотасы анықталды. Сонымен қатар, аталған кезеңде жалған монеталарды шығару фактілері тіркелмеді» - деді Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің банкноттарды және монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асхат Әбішев
Банк өкілі атап өткендей, жалған ақша белгілерінің саны 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 46,9 % - ға төмендеді (өткен жылғы көрсеткіш - 718 банкнот және 6 монета).
Жалған банкноттардың басым бөлігі Алматы қаласында анықталды - 243 жалған банкноты (63,78%). Бұл ретте, көбінесе Қазақстанда 2020 жылы номиналы 2 мың (41,47 %) және 5 мың теңгелік (31,5%) банкноталар қолдан жасалған.
Айта кетсек, Қазақстанда жалған банкноттары шығару және сатумен айналысқандар 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге сотталады.