1,3 млрд.теңге жымқырған «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы топ менеджерлерінің ісі сотқа тапсырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы агенттігі «Қазатомпром» ұлттық компаниясының 1,3 млрд.теңге ақшалай қаражатын ұрлады деген айыппен «Қазатомпром» ұлттық компаниясының басқарушы директоры В.Шевелевті, «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС директоры С.Әбдрәзақовты және «Әлібеков» ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы болып табылатын «Сырдария-жоба Құрылыс» ЖШС директоры Р.Әлібековті ұстағандығын бұдан бұрын хабарлаған болатын.

Бұл қылмыстық істің тергеуі аяқталды.

2014 жылғы 19 маусымнан бастап аталған қылмыстық іс Өскемен қаласының №2 сотында қаралуда.