1,5 млн. доллар шығынға ұшыратқан көлік апаты - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР-дың оңтүстік-шығысында 11 қымбат автокөлікті тиеп келе жатқан трейлер аударылып кетті, деп жазады kolesa.kz.

Maserati, Porsche, Land Rover, Mercedes-Benz мен BMW автомобильдерін тиеп келе жатқан трейлер Mazda6 көлігімен соқтығысып қалады. Ал тиелген көліктер болса, жолдың шетіне аударылып қалған. Апат салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі ауыр жарақаттар алған. Алдын ала болжам бойынша, бұл жол апатының шығыны 10 миллион юаньға (1,6 млн. доллар) бағаланып отыр.