«2011 жылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің аясында 1500 науқас біздің орталықтың қызметін пайдаланды»,- деді Т.Қоңырбаев.
Ядролық медицина орталығында заманауи диагностика әдістерінің көмегімен аурудың деңгейін, қатерлі және қатерлі емес ісіктерді анықтайды, науқасты емдеудің тиімділігін бақылайды.
«Орталықта компьютерлік томографиямен қосарланған позитронды-эмиссиялық томограф бар. Оның көмегімен онкологиялық, кардиологиялық және неврологиялық ауруларға диагностика жасалады және бұл технология психиатрия мен геронтология саласында қолданылады», - деді ол.
2010 жылдан бері Республикалық диагностикалық орталықтың жанында Ядролық медицина орталығы жұмыс істеп келеді. Онда сәуле диагностикасы, радиоизотоптық диагностика бөлімдері және радиофармпрепараттар өндірісі бар. Ядролық жабдықтарды қолдана отырып диагностикалау әдісі науқасты емдеудің сапасын бірнеше есеге арттырады.