10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы болады.
11.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.
11.00-де Астана коммуникациялар қызметінде «Байқоңыр» ауданы аумағында алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қыс мезгіліндегі апаттық-құтқару жұмыстары» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
16.00-де Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы отырыс өткізеді.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Сәкен сұңқар» драмасы қойылады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Ғашық жүрек» музыкалық-поэтикалық қойылымы көрсетіледі.
19.30-да Astana Musical театры «13» комедиясын ұсынады.