1 ақпанда елдегі қай жолдар жабық

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 1 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, қолайсыз ауа райына байланысты Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 632-718-шақырым аралығында (Шетпе ауылы – Жетібай ауылы учаскесі) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Жол шамамен 2026 жылғы 1 ақпан сағат 11:00-де ашылады.

Сондай-ақ «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.

Еске салайық, синоптиктер 1 ақпанда Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Елдің басым бөлігінде тұман түседі.