Таңертең Мәскеуде күн күркіреді. Қысқы маусымға жат көрінетін табиғи құбылыс жайлы тұрғындар әлеуметтік желіде жарысып жазды. «Твиттерде» сан алуан пікірлер қарша борады.
360° Подмосковье @360tv: Мәскеу тұрғындары таңертең қыс ішінде күн күркіреп, найзағай жарқылдаған табиғаттың тосын мінезіне куә болды.
Усачёв Евгений @azuzuuu: бүгін ел астанасы - Мәскеуде 3°С, жаңбыр жауып, күн күркіреуде...
Анна Кисличенко @AnnaKislichenko: Ақпанда Мәскеуде күн күркірегенін бірінші рет көрдім. Қарлы дауыл соғып, найзағай ойнады.