Бұл ақпаратты еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратты.
«Жеке медициналық кітапшалар бойынша жұмысқа рұқсат беру шарасын уақытша еңбекке жарамсыздық және кәсіби жарамдылыққа (медициналық тексеру) сараптама жүргізуге лицензиясы бар денсаулық сақтау мамандары жүргізетін болады. Ал тұрғындардың декреттелген тобын атттестациядан өткізу міндеті санитарлық-гигиеналық оқытуға тиісті лицензиясы бар ұйымдардың жауапты мамандарына жүктеледі», - делінген баспасөз хабарламасында.
Ведомствоның атап өтуінше, осыған дейін медициналық кітапшалар бойынша жұмысқа рұқсат беру және тұрғындардың декреттелген тобын атттестациядан өткізу шарасын халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырып келген.
Аталған рұқсат беру шараларын медициналық тексеру жүргізетін және халықты санитарлық-гигиена саласында оқытатын ұйымдарға өткізу көрсетілетін қызметтердің сапасы мен шынайылығы үшін жауапкершілікті арттыратын болады.
Көрсетілген қызметтерге бақылауды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жүргізеді.