«1 аптада 1999 қылмыс жасалып, оның 1519-ының ізі суымай ашылды. Сондай-ақ бұрын жасалған 315 қылмыс әшкереленді. 57 күдікті ұсталып, 7 қару тәркіленді», - делінген ведомство ақпаратында.
Мәселен, Алматы облыстық криминалдық полиция қызметкерлері «Арлан» арнайы бөлімшесінің қатысуымен Талғар қаласында облыстың 2 тұрғынын қолға түсірді. Олар «Алматы-Талғар» автожолында Талғар ауданының 30 жастағы кәсіпкеріне күш қолданып, «БМВ-525» маркалы көлігін тартып алған. Сонымен қатар олар азаматтан 20 мың АҚШ долларын бопсалаған.
Ведомствоның атап өтуінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.