Еліміздің Ұлттық банкі ұсынған деректерге сәйкес, 11 маусымда 1 грамм алтын бағасы 68 192,25 теңге болды. Ал осыдан бір апта бұрын бағалы металлдың 1 граммы 71 725,49 теңге болған еді. Осылайша, апта ішінде алтын бағасы 3 533,24 теңгеге арзандап отыр.
Әлемдік нарықтағы алтынның спот бағасы бір троя унциясы 4 077,39 долларды құрайды.
Айта кетейік, Тулейн университеті ғалымдары алтынның неге қараймайтынын және ғасырлар бойы өзінің жарқырауын сақтайтынын анықтаған болатын.
Бұған дейін алтынның қараймауы оның оттегімен әлсіз әрекеттесуіне байланысты деп есептеліп келген. Алайда жаңа зерттеу металл бетіндегі атомдардың өздігінен қайта орналасып, тотығу ықтималдығын күрт төмендететін ерекше қорғаныс қабатын түзетінін көрсетті.
Ғалымдардың айтуынша, атомдардың мұндай қайта құрылуы алтынның оттегімен реакцияға түсуін миллиардтаған, тіпті триллиондаған есе азайтады. Дәл осы механизм алтын бұйымдардың ондаған, тіпті жүздеген жыл бойы бастапқы қалпын сақтап тұруына мүмкіндік береді.