Жетісу аудандық №2 сотында ҚР ҚК 296-бабы бойынша есірткі заттарын заңсыз сақтаған «С» есімді қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. Күдіктіні 9 мамыр күні Жетісу аудандық полиция қызметкерлері ұстаған. Тексергенде оның қалтасынан 1,32 грамм марихуана табылған.
Сотта күдікті өз кінәсін мойындады. Сот Үкімімен ол ҚР ҚК 296-бабы бойынша айыбын өтеу үшін 140 сағаттық қоғамдық жұмысқа жіберілді.