1 қаңтар. Туған күн иелері
ЕСІМДЕР
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында туған. Ата-анасынан ерте айрылған болашақ әнші немере ағалары Ғұбайдолла мен Хамидолланың қолында тәрбиеленеді. 10 жасынан домбыра тартып, ән сала бастады. Өзі туып-өскен өңірдің мақтанышы Мұхит Мерәліұлының өнерін бойына сіңіруге ниет қылып, оның туыстары Шынтас пен Шайхыға жолығады, ән үйренеді. Ақтөбе, Орынбор, Атырау, Орал өңірлеріне Мұхит әндерін насихаттайды. 1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-ші слетіне қатысып, сол жерде Опера және балет театрына қабылданды. Ол Елемес, Сақан, Жарас, Шеге, Естай, Нарымбет образдарын шебер сомдап, ұлттық операның негізін қалаған көрнекті өнер қайраткерлерінің біріне айналды. Халықтың, әсіресе Мұхиттың әндерін нақышына келтіріп орындауы арқылы бүкіл қазаққа танымал болды. Сондай-ақ өзі де әндер шығарды. Олар: «Ақжайық», «Сүйген жар», «Нұржамал», «Жан еркем», «Аққу», «Сүйемін, туған өлкем», т.б. Құрманғалиев өнерпаз жастарды баулып, өзінің тамаша мектебін қалыптастырды, сөйтіп ұлттық кәсіби ән өнеріміздің дамуына баға жетпес үлес қосты. Республикалық эстрада студиясында ұстаздық ете жүріп, талантты әншілердің бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. 1967 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Республикалық өнер және цирк студиясында ұстаздық етті.
«Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.
Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. 1932 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Шығармашылық жолы осы театрдың тарихымен, өсу жолымен тығыз байланысты. Театр сахнасында сомдаған тұңғыш рөлі - Б.Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай. Бұдан кейін ол замандас құрбыларының сахналық бейнесін жасады. Роза (Д.Рахманқұлов, «Документ»), Зотова (В. Киршон, «Астық»), Рая (М.Әуезов, «Алма бақ»), Гүлжәмила (М.Әуезов, Ә.Тәжібаев, «Ақ қайың»), Любовь Яровая (К.Тренев, осы аттас пьеса), Әлжан (М.Әуезов, «Абай»), Зейнеп (С.Мұқанов, «Шоқан Уәлиханов»), Мақпал (Ғ.Мүсірепов, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»), Толғанай (Ш.Айтматов, «Ана - Жер-Ана»,), Кесария (О.Иоселиани, «Арбаң аман болсын»), Тхань (И. Куприянов, «Вьетнам жұлдызы») сияқты аяулы аналар образын мүсіндеп, сахна суреткері ретінде танылды. Актерлік өнері қызуқандылығымен, қарапайымдылығымен әрі тұрмыстық бояуының қанықтығымен ерекшеленді. Майқанова классикалық туындылар бойынша Ж.Фрозина (Мольер, «Сараң»), Мария Антоновна (Н.Гоголь, «Ревизор»), Кабаниха, Галчиха (А.Островский «Найзағай», «Жазықсыз жапа шеккендер»), т.б. рөлдерін ойнады. 1936 және 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1954 жылдан киноға түскен: Мақпал («Махаббат дастаны»), Гүлбарша («Қыз бен жігіт»), Торғын («Біз осында тұрамыз»), Дәметкен («Құйма»), т.б. Жазушы Д.Исабеков актрисаға «Мұрагерлер» драмасын арнаған, осы пьеса бойынша қойылған спектакльде Майқанова 1983 жылы басты рөл - Салиқаны ойнады.
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен және медальдармен марапатталған.
Қызылорда облысының Қазалы қаласында 1922 жылы бірінші қаңтарда туған. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген.
Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. 1947 - 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 - 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шет ел халықтарының (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, әзербайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әндерін нақышына келтіре орындады. 1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, «Шапағат» медалімен марапатталған. Роза Бағланова сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Гастрольдік сапарға шығарда Р. Бағланова міндетті түрде сол баратын елінің тіліндегі әнді үйренеді. Бірақ, қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді. Роза Бағланова 2011 жылы қаңтардың 8-інде Алматы қаласында дүниеден өтті. Әншінің орындауындағы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», композитор М. Төлебаевтың ақын өлеңіне жазған «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», С. Мұхамеджановтың «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да», «Қиыстырып мақтайсыз» әндері Қазақ радиосы фонотекасында сақтаулы, оның орындауындағы әндер бірнеше рет күйтабаққа жазылып, қазақ музыка мәдениетінің алтын қорына қосылды.
Алматы облысында туған. Алматы театр училищесін бітірген.
1940 жылдан өмірінің соңына дейін М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының труппасында өнер көрсеткен. Актриса театр сахнасында алғаш Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясындағы Мәрзия рөлін ойнаған. Ол Сәуле, Жанар, Дәмеш (Ә.Әбішев «Достық пен махаббат», «Бір семья», «Күншілдік»), Ғани (Т.Ахтанов «Күтпеген кездесу»), Дәметкен (Е.Домбаев «Біздің кластың қыздары»), Еңлік, Мөржан (М.Әуезов «Еңлік - Кебек», «Қарагөз»), Зейнеп (М.Әуезов, С.Соболев «Абай»), Батагөй ана (Ә.Кекілбаев «Абылай хан»), Жаңыл, Жер - ана (Ш.Айтматов «Аңсаған менің әнімсің», «Ана - Жер ана»), т.б. рөлдерді орындауымен қазақ сахнасында замандастар образын жасауға елеулі үлес қосқан. Ол ойнайтын рөлінің өзіне тән ой-мінезін, тағдыр талқысын терең ашып, даралық сипат беруді орындаушылық өнерінің басты мақсаты тұтатын өткір мінезді актриса болған. Сонымен қатар «Ана туралы аңыз», «Тамтам үні», «Ұлдың оралуы», «Өжет қыз» фильмдеріне, отандық көп сериялы «Тоғысқан тағдырлар» телефильміне түскен. «Абай - Әйгерім», «Қос мұңлық» драмалық шығармалардың және «Өнердегі өнегелі өмірлер» атты кітаптың авторы. Актриса есімі Алматы облыстық қазақ драма театрына берілген.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
Жамбыл облысында туған. Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Шығыс тілдері институтын, Әлем әдебиеті институтының аспирантурасын бітірген.
1965-1977 жылдары - КСРО Ғылым академиясы Азия және Африка институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері. 1977-1980 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі. 1980-1982 жылдары - Қазақстан тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының бөлім меңгерушісі. 1982-1988 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы, көркемдік жетекшісі. 1988-1990 жылдары - Халықаралық «Невада - Семей» қозғалысының вице-президенті. 1990-1992 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма және әдеби байланыстар алқасы бас редакциясының төрағасы. 1992-1995 жылдары - Қазақстанның Қытайдағы Елшісі. 1995-1997 жылдары - Мәдени мәселелерді зерттеу ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі. 1999 жылдан Халықаралық «Сорос» қоры Қазақ бөлімшесінің төрағасы болған. 2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры болған. Ол «Үлкен жол», «Гүл іспеттес жол», т.б. деректі фильмдердің, «Времен связующая нить», «Иппокрена. Хождение к колодцам времен», т.б. атты кітаптардың авторы.
79 жыл бұрын (1943) қазақ телевидениесінің ардагері, журналист Амангелді ЖАҚСЫБЕКОВ дүниеге келді.
1943 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Сарысу ауданы, бұрынғы Байқадам селосы, қазіргі Саудакент ауылында туған. 1959 жылы ҚазМУ-дың филология факультетіне түскен. 1965 жылдан «Қазақ радиосында», Қазақ телевидениесінде редактор, аға редактор, комментатор болып еңбек еткен. 1982-1991 жылдары - «Спорт» республикалық газетінің редакторы. 1991-1993 жылдары - ҚазТАГ-та бас редактордың орынбасары. 1993-1997 жылдары - ҚР Жоғарғы төрелік сотында, Жоғарғы сотында бөлім бастығы-бас редактор болып қызмет атқарды. 1997-1998 жылдары - ҚазТАГ-та бөлім меңгерушісі, 1998-2000 жылдары - ҚР Әділет министрлігінде бөлім бастығы, 2000-2012 жылдары - «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ-да аға редактор.
ҚР ІІМ-нің «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен және түрлі мемлекеттік ведомстволардың Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Алматы облысында туған. Қазақ политехникалық институтын, КОКП Орталық комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген.
Ұзақ жылдар бойы аудандық, облыстық партия қызметтерінде лауазымды қызметтер атқарған. 1994-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 1996-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Финляндиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі Елшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2003-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған. 2007-2014 жылдары - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Бас хатшысы. 2014 жылы ЕАЭО энергетика және инфрақұрылым алқасының мүшесі (министрі). Бірнеше монографиялық еңбектердің авторы.
2-ші дәрежелі «Достық», «Құрмет» ордендерімен, Ресейдің «Достық» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Павлодар облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетін бітірген (1990). Филолог-арабист, шығыстанушы.
1993 жылдан бастап Дипломатиялық қызметте - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық басқармасының үшінші хатшысы (1993), Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің үшінші, кейін екінші хатшысы (1993-1996), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мәдени байланыстар, гуманитарлық ынтымақтастық және ЮНЕСКО істері жөніндегі басқарманың екінші хатшысы (1996-1997), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таяу және Орта Шығыс, Африка басқармасының екінші, кейін бірінші хатшысы (1997-1998), Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кейін Кеңесшісі (1998-2002), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бөлім бастығы, кейін басқарма бастығы (2002-2003), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаменті директорының орынбасары (2003-2004), Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі жанындағы Сыртқы саясат орталығының Бас инспекторы (2004-2006), Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулы (2006). 2006 жылдан Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымдағы Тұрақты өкілі (2006-2010), Қазақстан Республикасының Оман Сұлтанатындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2008-2010) болған. 2007 жылғы мамыр айынан бастап Кувейт Мемлекетіндегі және 2009 жылғы наурыз айынан бастап Бахрейн Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2011-2013 жылдары ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы. 2013-2016 жылдары Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі. Қазіргі қызметінде 2019 жылдың сәуірінен. Қайрат Лама Шариф «Араб тілінің хрестоматиясы» (2004), «Қазақша-арабша тілашар» (2005), «Қазақстан және әлем елдері» (2005), «Қажылық» (2010) және араб тіліндегі «Қазақстан - Орталық Азияның інжу-маржаны», «Экономикалық дамудың қазақстандық моделі», «Қазақстан фактілер мен сандарда», «Қазақстан - көпұлтты ел» және «Киіз үй - көшпенді қазақтардың үйі» атты кітаптардың авторы. Сонымен қатар, оның жалпы редакторлығымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жылсайынғы жолдаулары, Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» және «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» кітаптары, «Дағдарыстан шығу кілті», «Бесінші жол» және «Еуропадағы қауіпсіздік пен қауіпсіздік ұйымының тағдыры мен болашағы» мақалалары, Қазақстан Республикасының Атазаңы, «Нұрсұлтан Назарбаев - ұлтаралық және дінаралық татулықтың қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы» кітабы, Қ.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы дипломатиясы» және «Нұр мен көлеңке» кітаптары араб тілінде және «Қазақстан мен Сауд Арабиясы: стратегиялық әріптестік жолында», «Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығы жолында» атты кітаптар орыс тілінде жарық көрді. Бірінші класты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.
«Қазақстан Республикасының Ата Заңына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) және «Ерен еңбегі үшін» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) медальдарымен марапатталған.
Шымкентте туған. 1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Мәскеудегі Әскери Қызылтулы институтының шығыс тілдері факультетін тәмамдаған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының экономика факультетін бітірген. Қазақ, орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерін меңгерген. Саяси ғылымдар кандидаты. І сыныпты Төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық рангі бар. 1981-1991 жылдары - КСРО Қарулы Күштерінде қызмет етті. 1984-1985 жылдары - Ангола Халық Республикасында қызметтік іссапарда болды. 1991 жылы КСРО ҚК қатарынан босатылған соң сыртқы экономикалық компанияларды басқарған. 1993-1995 жылдары- Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Сауда өкілдігінің аға сарапшысы. 1996-1997 жылдары- Алматы сауда-қаржы банкі басқарма төрағасының кеңесшісі. 1997-1999 жылдары - «ЮНИТЭК ЛТД» ЖШС директоры. 1999-2000 жылдары- «Қазақстанның халық банкі» ААҚ-ның Қытай Халық Республикасындағы өкілдігінің басшысы. 2001-2003 жылдары- Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі. 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Сингапурдағы уақытша сенімді өкілі (Дипмиссия басшысы). 2004-2006 жылдары- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі. 2006-2007 жылдары- Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі. 2007-2010 жылдары- Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары. 2010-2012 жылдары- Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2012-2014 жылдары- Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі. 2012-2013 жылдары- Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы. 2012-2014 жылдары- Қазақстан Республикасының Корея Халықтық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы. 2014-2016 жылдары - ҚР Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы; Қазақстан Республикасының дін істері және азаматтқ қоғам министрі (2016-2018); Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (2018). ҚР Қорғаныс министрі (2018-2019).
«Құрмет» орденімен (2006); «КСРО Әскери Күштеріндегі қызметі үшін», «ҚР Конституциясына 10 жыл медалімен» наградталған.
Ол Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: Қарағанды қаласының Совет ауданында тергеуші (1991 жылдан); Қарағанды облысының прокуратурасында тергеу басқармасының бөлім прокуроры, Теміртау қаласы прокурорының орынбасары, Қарағанды қаласы прокуратурасының жедел іздестіру, тергеу және алдын ала анықтау қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, Шет ауданының прокуроры, Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы (1991-2002); жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау Департаменті Басқармасының бастығы лауазымды қызметіне тағайындалуына байланысты Бас прокуратураның орталық аппаратында қызметте (2002 жылдан); Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның тергеу және алдын ала анықтау заңдылығын қадағалау Департаментінің бастығы, Алматы қаласының және Шығыс-Қазақстан аймақтық көлік прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның мамандандырылған прокурорлар, ұсталған, қамауға алынған және жазасын өтеп жатқан тұлғалардың құқықтарының сақталу заңдылығын қадағалау Департаменттерінің бастығы (2002-2012); Ақтөбе облысының прокуроры (2012-2017); Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры (2017-2018). Түркістан облысының прокуроры (2018-2020).
Қазіргі лауазымы атқаруға 2020 жылдың ақпан айында кірісті.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Ресей Федерациясының Свердловск қаласында М. Горький атындағы Орал мемлекеттік университетінің философия факультетін бітірген (1990). 1990-1993 жылдары - ҚР Ғылым академиясының Философия және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері. 1993-2008 жылдары - кәсіпкерлік қызметпен айналысты. 2008-2011 жылдары - «Атамекен» ҰКП департамент директоры, басқарма төрағасының орынбасары. 2011-2012 жылдары - «Ақ жол» ҚДП қоғаммен байланыс жөніндегі директоры, партия төрағасының кеңесшісі. 2012 жылдан - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракция аппаратының басшысы, «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің хатшысы. 2021 жылғы 15 қаңтардан бастап - VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
«Құрмет» орденімен марапатталған (2019).
Маңғыстау облысы Шайыр селосында туған.
Қызылорда Агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын бітіріп, «құрылыс инженері» біліктілігін алды. Еңбек қызметін 1994 жылы «Өзенмұнайгазқұрылыс» АҚ-да шебер болып бастап, прораб, учаске бастығы, осы қоғамның басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. «Қазақстан Республикасының «Құрмет» Орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен, ҚР құрылыс, және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, Маңғыстау облысы әкімінің, қалалар мен аудандар әкімдерінің Құрмет Грамоталарымен марапатталды. Қазақстан Республикасының «Құрметті құрылысшы», Маңғыстау облысының «Үздік құрылысшысы» атағын иеленген. «Алтын Ягуар» халықаралық марапатына (бизнестегі мінсіз беделі және қызметтің, тауардың жоғары сапасы үшін) ие болған. 2001 жылы «СМК-4» ЖШС-гін құрып, құрылыс саласында жеке бизнесін бастады.
2012-2021 жж.13 компанияны біріктірген «Корпорация Каспий Строй-Сервис» ЖШС-нің бас директоры. Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қаңтарынан бері.
Көкшетау облысында туған. 1994 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2016 жылы — «педагогикалық білім» бағыты бойынша Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде магистратураны тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінің мұғалімі болып бастаған, колледж оқытушысы, мектеп директоры қызметтерін атқарған. 2005–2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімінің басшысы. 2009–2012 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары. 2012 жылғы мамырда Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалған, 2013 жылғы шілде мен 2017 жыл аралығында — Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасының басшысы. 2017–2018 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры болып қызмет атқарған. 2018-2019 жылдары «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған. Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі (2019-2021).
Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қыркүйегінен.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолы: Сауд Арабиясының Қазақстандағы Елшілігінің референт-аудармашысы (1998-2005), ҚР СІМ Азия мен Африка департаментінің екінші хатшысы (2005), Қазақстанның Дубаидағы Бас консулдығының кеңесшісі (2005-2010), ҚР СІМ Азия мен Африка департаментінің кеңесшісі (2010-2011), Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің кеңесшісі (2011-2012), ҚР СІМ Азия мен Африка департаментінің кеңесшісі (2012-2013), Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі.
Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың мамыр айынан бастап.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша (1997), Корнель құқық мектебін құқық магистрі бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолы: Ақмола облысы бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта заңгер-консультант (1997); Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде бас маман, құқықтық сараптама және заң жобалары жұмыстары басқармасының бастығы (1997-2001); Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары (2001-2003); Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары (2003-2006); «Lancaster Invest» АҚ вице-президенті (2007-2012); Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде жауапты хатшы (02.2012-09.2012); Республикасының Бас Прокуроры аппаратының басшысы (2012-2016); Астана қаласы әкімінің кеңесшісі (2016-2017). Астана қаласы әкімінің орынбасары (2017-2019).
Қазіргі қызметінде 2019 жылдың наурызынан.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген (2001). Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және протокол департаменті, Халықаралық құқық және мемлекеттік мүліктік құқықтарды қорғау департаменті, Заңнамалық департаментінің жетекші маманы (2001-2002); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнамалық департаменті заң жобаларын сараптау және дайындау басқармасының бөлім бастығы, Заң жобалары қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйеге келтіру департаментінің бөлім бастығы, Заңнамалық департаментінің бөлім бастығы, одан кейін басқарма бастығы (2002-2005); Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты заң бөлімінің консультанты, меңгерушісі (2005-2007); Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы әкімшілік басқармасының бастығы – аппарат басшысы (2007-2013); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі (2013-2018). Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары (2018-2019). Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (2019-2020).
Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың мамыр айынан бастап.
Ақмола облысының Степногорск қаласында туған. А.Н.Туполев атындағы Қазан мемлекеттік техникалық университетін және Орталық Азия университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1993-1997 жылдары Мәскеу қаласында «ВЛАД» ЖШҚ бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1997-1998 жылдары Ақмола облысы әкімінің Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі департаментінің бас маманы, 1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кадрлармен жұмыс жөніндегі департаментінің бас маманы болып қызмет етті. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Президент Кеңсесінің сектор меңгерушісі, Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының Кадр саясаты бөлімінде консультант, бас сарапшы, бас инспектор, Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2011 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы болып тағайындалды. 2012 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі.
Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың шілде айынан бастап.
«Құрмет» орденімен (2013), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2003), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен (2008) және «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен (2014) марапатталған.
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ қаржы-экономика академиясын, КАЗГЮУ университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Түрлі жылдары ҚР ТЖМ «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау» РМК, «АйТи-Сервис» ЖШС, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық сүйемелдеу орталығы» РМК, Астана және Семей қалалары әкімінің аппараттарында қызмет еткен. 2012-2016 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің (қазіргі ҚР Сауда және интеграция министрлігі) Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаментінің директорының орынбасары, басқарма басшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді: 2016-2017 жылдары — Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2017-2019 жылдары — Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі – ҚР Премьер-Министрінің хаттама шефі. 2019 жылдың сәуір айынан қараша айына дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.
Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қарашасынан.
Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында туған. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Тунцзи Университетінде (Шанхай, ҚХР) телекоммуникацияны зерттеді. Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебін бітіріп, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі берілді. Президенттік жастар кадрлық резервінің финалисі. Еңбек жолын 2015 жылдың қазан айында «Kazakh-Chinese Center of Cooperation «Silk Road» ЖШС бас директоры ретінде бастады. 2016 және 2017 жылдары «Astana Innovations» АҚ Инвестициялар және әріптестік бойынша басқарушы директоры. 2017 жылы – Astana Invest қалалық инвестицияларды дамыту орталығы бас директорының орынбасары. 2018 жылдан 2020 жылға дейін Eurasia Blockchain Fintech Group Limited жеке компаниясының бас директоры қызметін атқарды. 2020 жылдың ақпан-тамыз аралығында «Қазпочта» АҚ-да IT-инфрақұрылым бойынша атқарушы директор қызметін атқарды.
2021 жылдың қаңтар айынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі.