Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«Оның ішінде қала халқы - 9 млн. 144 мың (54,7 пайызы), ал ауылдық жерлерде - 7 млн. 560 мың адамды құрады. 2011 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 233 мың адамға немесе 1,4 пайызға өсті», - деді төраға.
Өткен жылы АХАЖ органдарында 372 туған бала тіркелді. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға артық. «Осы кезең ішінде 191 мың ер бала және 180 мың қыз бала дүниеге келді. Жалпы 100 қызға 106 ұлдан»,-деді Ә. Смайылов.
Былтырғы 12 айда өлім-жітім 144 мың адамды құрады. Оның ішінде 79,7 мыңы - ерлер, 64,9 мыңы - әйелдер.