Осындай болжамды АҚШ-тың санақ бюросы жасап отыр, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Өткен Жаңа жылмен салыстырғанда, халық өсімі 77 млн. 630 мың 563 адам немесе 1,1 пайызды көрсеткен.
Аталған уақыт мерзімінде айтарлықтай халық саны өскен Үндістан болып отыр. Бұл елде 15,6 млн. адамға артқан. Ол Қытай, Нигерия, Пәкістан және Эфиопияны басып озды.
Халық санының 7 млрд.-қа жетуі 2012 жылы орындалды. Ал 2025 жылға қарай жер шарының халқы 8 млрд.-тық межені бағындырады деп күтілуде.