АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетінің бұйрығына сәйкес 2014 жылдағы қаңтардың 1-нен бастап ауылдық жерлердегі CDMA EV-DO сымсыз байланыс технологиясы бойынша интернетке қолжетімділік қызметі үшін айлық ақы 35 %-ға, яғни қазіргі тарифтік жоспарға сәйкес ҚҚС қоса 2000 теңгеден 1300 және ҚҚС қоса 4000 теңгеден 2600 теңгеге дейін төмендейді.
Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қазақтелеком» АҚ ауылдық жерлерде CDMA EV-DO технологиясы бойынша Интернет желісіне қосылу үшін төленетін ақы ҚҚС қоса 7056 теңгеден 4974 теңгеге дейін төмендетілгенін, сонымен қатар Интернет желісіне қолжетімділік жылдамдығын айлық ақының өзгертілуісіз 512-ден 1024 Кбит/с арттырғанын еске салған жөн.