АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 1 қаңтардан Бірыңғай экономикалық кеңістік құруға арналған келісімдер күшіне енеді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова мәлім етті.
«2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай экономикалық кеңістік құруға арналған келісімдер күшіне енеді. Кеден одағы аясындағы тауарлардың еркін айналымымен қатар осы үш мемлекеттің арасында қызмет, капитал және еңбек ресурстарының еркін жүруіне жағдай жасалып отыр», - деді ол.
Сонымен қатар министр өз сөзінде 2011 жылы атқарылған жұмыстарға және келер жылы атқарылуы тиіс міндеттерге кеңінен тоқталып өтті.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.