1 қараша күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
21:41, 31 Қазан 2023
Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 1 қараша күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де Франция Республикасының Президенті Эмманюэль Макронның ресми сапары басталады.
15.00-де Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
15.00-де ҚР Президенті орталығында «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30 жылдығына арналған бағдарлама түлектерімен митап-кездесу өтеді.
19.00-де Жастар театрында «Лифт» психологиялық драмасы қойылады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы сахналанады.