1 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде ҚР білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қаралады.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Отандық ғылымды қолдау туралы: гранттық жобалар мен бөлінетін қаражатты арттыру» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитеті төрағасының орынбасары Думан Орынбеков.
Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.
12.00-де «Желілік парк» аумағында жол қашықтығын есептеудің бастапқы нүктесі – «Нөлінші километр» шағын архитектуралық формасы салтанатты түрде ашылады.
14.00-де Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында FlyArystan-ның «iJan» жаңа тіркеу қызметінің тұсаукесері өтеді.
14.00-де Астана қуыршақ театрында «Мультфильмдер еліне саяхат» қойылымы көрсетіледі.
16.00-де Астана қаласы мәслихатының мәжіліс залында Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.
19.00-де Жастар театрында «Көзіме бір көрінсең, бала ғашық» сахналық повесінің премьерасы өтеді.
19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында JAIDARMAN көңілді тапқырлар байқауының финалы өтеді.
19.30-да «Барыс Арена» мұз сарайында «Барыс» және «Сибирь» хоккей клубтары матч өткізеді.