1 қараша күні Қазақстанның бірқатар аймақтарында жауын-шашын күтілуде

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, кей жерлерде жауын-шашын жауады, республиканың батысы, солтүстік-батысы және солтүстігінің басым бөлігінде жауын-шашын күтілуде, жел күшейеді, жекелеген аудандарда тұман түседі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде, жел екпіні 28 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз Павлодар облысында жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді деп болжануда, кей жерлерде жел екпіні 25-28 м/с-қа жетеді. Қостанай облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерде жел екпіні 25-28 м/с болады, түнде және күндіз жекелеген аудандарда тұман түседі. Атырау, Маңғыстау облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір аймақтарда 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде, түнде және таңертең тұман түседі. Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғуы ықтимал. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде тұман түседі деп болжануда.

Алдағы тәулікте Қазақстанның су нысандарының басым бөлігінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.