Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстанда тұман түседі. Жамбыл облысында да тұман болып, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Маңғыстау облысындағы желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі.