А тұмауымен қатар В тұмауының вирусы, сондай-ақ тұмауға ұқсас респираторлық вирустардың да белсенділігі артады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ағымдағы жылдың 1-ші қазанынан бастап жұқпалы респираторлық вирусты инфекцияның 40 мың жағдайы, оның ішінде соңғы аптада 22 мың жағдайы тіркелді. Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында сырқаттанушылық республикалық көрсеткіштен жоғары деңгейде тіркелді. Еліміздің барлық өңірлерінде тұмауды және оның асқынуларын емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттардың қоры құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 2011-2012 жылдың эпидемиялық маусымына 577 млн. теңгеден астам сомаға Францияда шығарылған (Ваксигрипп), сапасына кепілдік берілген вакцинаның 784 мың дозасы сатып алынды.