ЕСІМДЕР
77 жыл бұрын (1948) Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет қайраткері Бақтықожа Салахитдинұлы ІЗМҰХАМБЕТОВ дүниеге келді.
Атырау облысында туған. Уфа мұнай институтын бітірген. Техника ғылымының докторы, ҚР Минералдық ресурстар академиясының, Халықаралық минералдық ресурстар академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі.
Еңбек жолы: 1973-1983 жылдары «Қазмұнайгазбарлау» басқармасының аға инженері, техникалық мөлшерлеу және еңбекті ғылыми ұйымдастыру отрядының бастығы, зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары. 1983-1987 жылдары Совет Одағының Йемендегі мұнай барлау экспедициясының аға инженері. 1987-1991 жылдары Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі, Атырау тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының бас технологы, бастығы. 1991-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі терең ұңғымаларды игеру және бұрғылау технологиялары бөлімінің бастығы, Мұнай және газ басқармасының бастығы. 1993-2003 жылдары «ҚазақТүрікМұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі біріккен кәсіпорынының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының теңіз жобалары жөніндегі атқарушы директоры, «Қазмұнайтеңіз» теңіз мұнай компаниясы» жабық акционерлік қоғамының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының біріккен кәсіпорын үлестерін басқару жөніндегі басқарушы директоры. 2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар бірінші вице-министрі, министрі қызметтерін атқарған. 2007 жылғы тамыздан 2012 жылғы қаңтарға дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі. 2012 жылғы қаңтардан тамыз айына дейін ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары. Кейіннен Атырау облысының әкімі (2012-2016), ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасы (2016 жылғы наурыз-маусым) қызметтерін атқарды. «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі (2016 жылдан). Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (2016-2021).
«Құрмет» орденімен марапатталған.
65 жыл бұрын (1960) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Альберт Павлович РАУ дүниеге келді.
Қостанай облысының Таранов ауданында туған. Рудный индустрия институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
1992-1993 жылдары Лисаков қалалық кеңесінің төрағасы. 1993-1994 жылдары Лисаков қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары. 1994-2004 жылдары Лисаков қалалық әкімшілігінің басшысы, әкімі. 2004-2006 жылдары Қостанай облысы әкімінің орынбасары. 2006-2007 жылдары «Сарыарқа» ӘКК директорлар кеңесінің төрағасы. 2008-2010 жылдары Ақмола облысының әкімі қызметтерін атқарған. 2010-2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бірінші вице-министрі. 2014-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары. 2016-2017 жылдары ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.2017-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
2-дәрежелі «Достық» орденімен, 3-дәрежелі Барыс орденімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
47жыл бұрын (1978) «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Ержан Уақасұлы ИБРАЕВ дүниеге келді.
Семей қаласында туған. Алматы жоғары әскери училищесін тактикалық мотоатқыштар әскерлерінің командирі мамандығы бойынша бітірген (1995); Жедел-тактикалық басқару (менеджмент) мамандығы бойынша Ұлттық қорғаныс университеті (2009); Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясы, мамандығы: «Ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік қорғаныс» (2020).
Еңбек жолы: лейтенанттан полковникке дейін әскери қызметтің барлық деңгейінен өтті; взвод командирінен әскерлер қолбасшысының орынбасарына дейін (1995-2017 жылдары) түрлі лауазымдарда қызмет етті.
2024 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.
47 жыл бұрын (1978) Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы Кеңгірбай Қоңырұлы СМАҒҰЛОВ дүниеге келді.
Ұлытау ауданы, Қаракеңгір ауылында дүниеге келген. О. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Өндірісті ұйымдастыру» мамандығы бойынша (2000); О. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (2012).
Еңбек жолы: Жезқазған қаласы бойынша салық комитетінің салық инспекторы (2000-2001); Жезқазған қалалық экономика комитетінің кәсіпкерлік және тұтыну нарығын дамыту бөлімінің бас маманы (2001-2002); Жезқазған қаласы қаржы-несие қатынастары, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы (2002-2004); Экономика және кәсіпкерлікті дамыту қалалық комитетінің Жезқазған қаласы бойынша бөлім меңгерушісі (2004-2005); Жезқазған қаласы әкімі аппаратының талдау жұмысы бөлімінің бас маманы (2005-2005); «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2006); Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы (2006-2008); «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2008-2009); «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2009-2010); «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2010-2013); «Жезқазған қаласының өнеркәсіптік кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2013-2015); «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2015-2020); «Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2020); «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы Жезқазған қалалық филиалы төрағасының орынбасары (2020-2022); «АМАНАТ» партиясы Жезқазған қалалық филиалының жауапты хатшысы (2022); «Ұлытау облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2022-2023); Ұлытау облысының қаржы басқармасының басшысы (2023-2024).
2024 жылдың тамызынан бастап қазіргі қызметінде.
38 жыл бұрын (1987) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Тұрсынбайұлы ӘБДИЕВ дүниеге келді.
Түркістан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Пайдалы қазбалар жерасты кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген (2010).
Еңбек жолы: «NPF Dank» ЖШС сейсмикалық барлау кезінде сейсмолог, жарушының көмекшісі, жарушы (2007-2009); Саяқ кеніші БКМ ПО «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС техникалық бөлімінің жетекші инженері (2010-2012); «DORSTROYTREST» ЖШС дизайнері (2016-2017); «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тау-кен бөлімінің инженер-конструкторы (2017-2023); Түркістан облысы әкімі аппаратының мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (2022-2023).
2023 жылдың наурыз айынан бері қазіргі қызметінде.
104 жыл бұрын (1921-2006) қазақ ғалымы, геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Александр Скочинский атындағы сыйлықтың иегері Мағауия Әлімханұлы ЕРМЕКОВ дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ тау-кен институтын (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті), осы институттың аспирантурасын бітірген.
1950-1958 жылдар аралығында СССР көмір өнеркәсібі министрлігінің Қарағанды қаласындағы «Қазақкөмір геология» тресінде геолог, аға геолог, топ жетекшісі қызметтерін атқарады. 1958-1963 жылдар аралығында СССР көмір өнеркәсібі министрлігінің Қарағанды қаласындағы Қазақстан Ғылым академиясының химия-металлургия институтында кафедра меңгерушісі, 1963-1970 жылдар аралығында СССР көмір өнеркәсібі министрлігінің Қарағанды қаласындағы Қазақ тау-кен қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, зертхана бастығы, 1970-1989 жылдар аралығында Қарағанды политехникалық институтының (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) геология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1989 жылдан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің профессоры болды. Негізгі ғылыми еңбектері көмір алаптарындағы газды қабаттарды барлау, онымен күрес жүргізу мәселелеріне арналған. Қарағанды көмір бассейнінің газды қабаттарының картасын жасаған.
1-дәрежелі «Отан соғыс» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.